ФОСФОР ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТАРДЫ МЕЛИОРАЦИЯЛАУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.239.3.001
Фосфор қосылыстарының көмегімен техногендік ластанған топырақты мелиорациялау антропогендік белсенділік нәтижесінде бұзылған топырақ құнарлылығын қалпына келтірудің тиімді әдісі болып табылады. Топырақтың техногендік ластануы экожүйеге теріс әсер ететін ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен, пестицидтермен және басқа химиялық заттармен ластануды қамтиды. Мұндай топырақтың сапасын жақсартудың перспективалық тәсілдерінің біріулы заттарды байланыстыруға қабілетті, олардың биожетімділігін төмендететін және топырақ жамылғысын қалпына келтіретін дәрежеде әсер ететін фосфор қосылыстарын қолдану. Фосфор қосылыстарын қолдану топырақ құрылымын жақсартуға, оның ылғал сыйымдылығын және қоректік заттарды сақтау қабілетін арттыруға көмектеседі, бұл техногендік ластануға ұшыраған аумақтардың экологиялық тұрақтылығын қалпына келтіруге ықпал етеді. Фосфорды пайдалана отырып, техногендік ластанған топырақты мелиорациялау саласындағы зерттеулер қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің техногендік әсерлерге төзімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қ.Т. Абдраимова, *Г.Ж. Турметова, Э.К. Ибрагимова, Д.К. Сунакбаева