АУЫР РОТОРЛЫ ЖАБДЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ЖЕТЕГІНІҢ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСУ ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ- ҚУАТТЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2024.229.5.005
Тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында ауыр роторлы жабдықты іске қосу мәселесі түінді болып табылады. Үлкен инерциялық массасы бар жабдықты пайдалану кезінде іске қосу режимдері ең қолайсыз режимдер болып табылады. Жабдықтың бұл түрін іске қосу кезінде іске қосу құрылғыларына жүктемелердің бірнеше есе артуы байқалады, бұл олардың ресурсының төмендеуіне, электр қозғалтқышының істен шығуына, электр энергиясының пайдалану шығындарының жоғарылауына және т.б. алып келеді. Бұл мақалада ауыр роторлы машиналардың іске қосу тогының мөлшеріне соңғы ажыратқышты орналастыру нүктесінің және жүйедегі қысымның әсерін зерттеу мақсатында тіреуішті іске қосу құрылғысының стендтік сынақтарының нәтижелері келтірілген. Іске қосу тогының сильфон цилиндрінің қуысындағы әртүрлі қысымдардағы жылжымалы траекториядағы соңғы қосқышты орнату нүктесіне тәуелділігінің графиктері алынды.
Б.С. Бейсенов, К.К. Елемесов, С.А. Бортебаев, *Е.Е. Сарыбаев