МАЛЕЕВ КЕН ОРНЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА ЛАЗЕРЛІК СКАНЕРЛЕУДІ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
https://doi.org/10.48498/minmag.2023.2017.5.001
Жерасты шахталарын үнемі қадағалау үшін визуалды бақылауға немесе дискретті орналастырылған тікелей байланыс өлшеу датчиктеріне сүйенеді. Мұндай тәсілдер қолмен жасалынады және көбінесе шахта қызметкерлеріне өте қауіпті және өлшеу жұмыстарының дәлдігі жоғары болмауы мүмкін. Осыған байланысты тау-кен кәсіпорындарында өндірістік процестерде геодезиялық және маркшейдерлік өлшеу жұмыстарын қамтамасыз етуде лазерлік сканерлеу кенорындарын уақтылы бақылауға мүмкіндік береді. Зерттеулер лазерлік сканер шахтадағы өзгерістерді анықтауда, тазарту жұмыстарының тиянақты орындалуын бақылауда және жерасты құрылымын картаға түсіруде маркшейдерге өлшеу жұмыстарын жүргізуде қажетті дәлдікке қол жеткізуге болатындығы келтірілген. Сондықтан мақалада жерасты қазбаларындағы бос қуыстарды лазерлік сканерлеудің тиімділігі жан-жақты қарастырылды.
*Ы. Жакыпбек, Т. Калыбеков, А.С. Әбен, С.В. Турсбеков