ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫНДАҒЫ ТЕХНОГЕНДІК ЖЕР СІЛКІНУ ЫҚТИМАЛДЫҚТАРЫ

https://doi.org/10.48498/minmag.2023.2016.4.004

Мақалада Оңтүстік Торғай мұнай-газ аймағына жататын Құмкөл көмірсутек кен орындарының техногендік жер сілкіну ықтималдықтары қарастырылады. Кен орындарын игеруге тікелей байланысты техногендік тектоникалық қозғалыстар көптеген мұнай-газ бассейндерінде байқалады. Геодинамикалық оқиғалардың себептері болжамды факторлар болып табылады. Сейсмикалық түсірілімдер аймақтың асейсмикалық екенін көрсеткенімен, пайда болған белсенді жаңа жарықтар көлемі жыл өткен сайын ұлғаюда және жер қабатын бұрғылау кезіндегі сейсмикалық әсерлер де қатты бұзылуларға әкелуі мүмкін деген болжам бар. Себебі Құмкөл кен орнын жан-жағынан сейсмоқауіпті аймақтар қоршап жатыр. Әзірге микрожерсілкіністерді тіркеу де шектеулі. Сондықтан жер сілкінуі ықтимал мұнай-газ кен орындарында жоғары сезімтал станцияларды орналастыра отырып, мониторингтің арнайы желілерін ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

Н.Б. Ермуханова, А.Б. Арыстанбек, А.Е. Төлеген, *А.К. Абилова

Открыть