КҮШ ӨРІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ ЭМУЛЬСИЯЛЫ МҰНАЙДЫ ДЕЭМУЛЬСАЦИЯЛАУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2025.240.4.004

Бұл мақала электр өрісіндегі мұнайдың эмульсиялану процесін зерттеуге арналған. Сулы мұнай эмульсияларының пайда болуы мұнайдың үлкен шығындарының, оны тасымалдаудың қымбаттауының және өңдеуге дайындықтың негізгі себебі болып табылады. Эмульсияланған судың құрамындағы тұздар технологиялық жабдықтың қатты коррозиясын тудырады және мұнай өнімдерінің сапасын едәуір нашарлатады. Электр өрісінің әсерінен эмульсияда су тамшыларының деформациясы және олардың айналасында пайда болған тұрақтандырғыш қабықтардың бұзылуы байқалады. Су глобулаларының түйісуінен олардың коалесценциясы туындайды және үлкен тамшылар ауырлық күшінің әсерінен мұнайдан бөлінеді. Авторлар жүргізген зерттеулер химиялық реагенттерді электрмен бірге қолдану кәсіптік жағдайларда мұнайдың сусыздануына қажетті әсер ететінін көрсетеді.

К.С. Затыбеков, *М.К. Жантасов, Г.Х. Меликов, С.Е. Байботаева

Открыть