КЕНОРЫНДАРДЫ ЖЕРАСТЫ ҚАЗУҒА КӨШКЕНДЕ КЕНДЕ ӨЗДІГІНЕН ҚҰЛАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕНІҢ ТАЛДАУЫ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.240.4.011
Мақалада кенорындарды жерасты игеру технологиясын таңдау проблемасына нарықтық көзқарас, кенорындарды игеру қарқындылығын арттыру, пайдалы компоненттері аз кенорындарын игеруге арзан технологияларын іздеу сұрақтары көрсетілген. Оған қоса күрделі және төмен сұрыпты кен денелерін тиімді игеру, кенорындардың қорларын ашық тәсілмен қазғаннан кейін жерасты қазу мүмкіндіктерін іздеу жолдарына талдау жүргізілді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кеннің өздігінен құлауы бар жүйенің қуатты кен орындарын игеру кезінде осы талаптарға барынша сәйкес келеді. Мақалада белгілі бір жағдайларда кенді құлату арқылы жүйелерді қолдану мүмкіндігін негіздеу бойынша шетелдік компаниялардың тәжірибелеріне көңіл бөлінеді. Жүргізілген зерттеулер мен алынған деректерді талдау нәтижесінде өздігінен қопарылатын қақпақ жүйелерін тау-кен өнеркәсібінде қолдану экономикалық көрсеткіштерінің артықшылықтары көрсетілген.
Б. Хусан, А.Ж. Имашев, *Д.Т. Ивадилинова, Р.Ж. Искаков