МАССИВТІҢ ТАБИҒИ КЕРНЕУЛІ КҮЙІНДЕГІ ФИЗИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕРДІҢ ТАРАЛУ АЯСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСІ
https://doi.org/10.48498/minmag.2023.223.11.006
Бұл мақалада техногендік әсер ету кезінде тау жыныстары массивінің кернеулі-деформацияланған күйін бағалаудың қолданыстағы әдістерін жіктеу және талдау және тау жыныстары массивінің орнықтылығын бағалаудың қазіргі әдістерінің қолданылуының шекараларын анықтау жүргізілді. Тау жыныстарындағы геомеханикалық процестердің физикасын сипаттау үшін әртүрлі мықтылық критерийлері қолданылады. Критерийлердің бір бөлігі эмпирикалық, ал бір бөлігі аналитикалық жолмен шығарылды. Осылайша, қолданыстағы бұзылу критерийлерін толық жіктеу қажеттілігі туындайды. Тау жыныстарын бұзу критерийлерін салыстыру нәтижесінде олардың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Сондай-ақ, мақалада профессор О.Сабденбекұлының ұсынған БАБО әдістемесінің артықшылықтары сипатталған, бұл әдісті геомеханика мәселелерін шешудегі заманауи тәсілдердің талаптары тұрғысынан жетілдіру ұсынылады.
Д.К. Таханов, *А.Б. Жиенбаев, М.Ж. Балпанова, Р.А. Мусин