ТОПОЦЕНТРЛІК ПРОЕКЦИЯДА ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ НЕГІЗ ҚҰРУДЫҢ ӘДІСІ

https://doi.org/10.48498/minmag.2023.224.12.003

Координаталарды анықтаудың жерсеріктік технологияларын іске асыру жер қойнауын игеру кезінде геодезиялық негіз құру және кеніштерде маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Осыған байланысты эллипсоидтың бетінде автоматтандырылған әдіспен алынған координаттарды қалыпты тік сызыққа бағытталған көлденең жергілікті проекцияға аударудың маңызы өте зор. Бұл тәсіл жер қойнауын игеру кезінде геодинамикалық полигон (ГДП) құруда, және де жобалық шешімдерді нақтылы жерге көшіруге мүмкіндік береді. Мақалада топоцентрлік координаттары бар жергілікті тегіс бетті қолданудан тұратын геодинамикалық полигонды қалыптастырудың өзекті ұстанымы ұсынылған. Сонымен қатар, геоцентрлік жүйеден топоцентрлік жүйеге координаталарды аударудың еспетеулері мен өлшеу нәтижелерін теңестірудің нақтылы мысалдары келтірілген.

*М.Б. Нұрпейісова, Д.М. Қырғызбаева, А.М. Абенов, Т.А. Турымбетов