GB-SAR МОНИТОРИНГІ ДЕРЕКТЕРІ ЖӘНЕ ГЕОМЕХАНИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗІНДЕ ЖЫНЫС МАССИВІНІҢ ДЕФОРМАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КЕШЕНДІ ТАЛДАУ
Мақалада терең карьерлердегі тау жыныстары массивінің жасырын әлсіреуін ерте анықтауға арналған интеграцияланған тәсіл қарастырылған. Зерттеу Ұлытау облысындағы «Шығыс-Сарыоба» кен орны карьерінің оңтүстік бортында жүргізілді. Әдістеме GB-SAR мониторингі, GNSS бақылаулары және RS3 бағдарламасындағы үшөлшемді геомеханикалық модельдеу нәтижелерін біріктіруге негізделген. GB-SAR деректері жергілікті деформациялық аномалияны анықтаса, GNSS бақылаулары өңірлік деформацияларды тіркемеді. Геомеханикалық модельдеу аномалияның терең пластикалық деформациялармен байланысты екенін көрсетті. Ұсынылған тәсіл карьер борттарының тұрақтылығын бағалау сенімділігін арттырып, қауіпті аймақтарды ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Г. Мейрамбек, Карел Вах, *Л. Қ. Адильбекова, А. Н. Нуржусупова


