ЗАМАНАУИ ГЕОТЕХНИКА ӘДІСТЕРІ – ЖЕР ҚОЙНАУЫН ИГЕРУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТИІМДІ БАҒЫТЫ
Мақалада ҚазҰТЗУ қызметкерлерінің геомеханикалық процестерді зерттеу бойынша көпжылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижелері келтірілген. Геомеханикалық процестерді тиімді басқару тау жыныстары массивінің жай-күйін геомониторингтеудің кешенді жүйесі негізінде жүзеге асырылатыны көрсетілген. Бұл жүйе табиғи және техногендік факторларды есепке алуды, сондай-ақ авторлар әзірлеген бақылау құралдарын қолдануды қамтиды. Геомониторинг жүргізу кезінде жоғары дәлдіктегі геодезиялық аспаптарды орнатуға арналған жер үсті және жерасты тұрақты мәжбүрлі центрлеу пункттері ұсынылған. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру мақсатында карьерлер мен жерасты қазбаларында жарықшақты тау жыныстарын бекітуге арналған арнайы құрам әзірленген. Аталған құрам тау-кен өндірісі қалдықтарын кәдеге жаратуға мүмкіндік береді, жоғары аққыштыққа және жеткілікті беріктікке ие.
*Ж. М. Нукарбекова, Ш. К. Айтказинова, А. А. Бек, Н. А. Милетенко


