ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН ЖАРЫЛЫСПЕН БҰЗУ КЕЗІНДЕ ЖАНШЫЛУ ЖӘНЕ ЖАРЫҚШАҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ӨЛШЕМДЕРІН ЗЕРТТЕУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2021.194.6.004

Мақалада физикалық көрініс қарастырылып, тау жыныстары массивінің жарылғыш бұзылу аймақтары анықталды. Жарылғыш заттың ұңғымалық зарядтарымен тау жыныстарының жаншу аймағын анықтау формуласы әзірленді. Жарылғыш заттың зарядтарының жарылуы кезінде тау жыныстарының ұсақталу аймағының шамасы зарядтың радиусына, өнеркәсіптік жарылғыш заттың энергетикалық көрсеткіштеріне тура пропорционал және тау жыныстары бөлшектерінің ұшып кетуінің критикалық жылдамдығына кері пропорционал өзгеретіні анықталды. Авторлар жасаған жарылыспен тау жыныстарын ұсақтау кезінде жарықшақтың пайда болу аймағын зерттеу схемасы ұсынылған. Радиалды жарықшақтар аймағының радиусын анықтау формуласы жасалды. Радиалды жарықшақтар аймағының мөлшері тау сілемінің жарықтығына, физикалық-механикалық және тау-кен-технологиялық қасиеттеріне, жарылғыш заттың энергиясын кернеу толқынына беруге және олардың массивке әсер ету уақытына байланысты екендігі анықталды.

Г.Б. Ескенова, А.Т. Абдиева