ТАЗАРТПА КЕҢІСТІГІНІҢ МАҢЫНДАҒЫ СІЛЕМНІҢ КЕРНЕУЛІ-ДЕФОРМАЦИЯЛЫ КҮЙІН САНДЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2021.197.9.001

Шақтының батыс қанатындағы Д-6 қабатындағы 322-Д6-3-З лаваның тазартпа кеңістігі маңайындағы тау сілемінің кернеулі-деформациялы күйін сандық модельдеудің нәтижелері қарастырылды, және «Қазақстан» шақтысының батыс қанатындағы тау-кен геологиялық жағдайын талдау жасалды. «Phase2» бағдарламасы көмегімен соңғы элемент-тер әдісімен модельдеу орындалды. Тазартпа кеңістігінің шеткі жағындағы тіректік қысым аймағының қалыптасуымен қатар тазартпа қазбасының төбесі мен табанындағы созылатын вертикальдық және горизонтальдық кернеулер мен кернеулердің мәнін түсіру аймағының қалыптасуын есептің қорытындылары арқылы көреміз. Тазартпа қазбасының табаны мен төбесіндегі бұзылыс аймағының қалыптасу динамикасын талдау нәтижесінде байқаймыз 322-Д6-3-З лавасының бұзылу қадамдарына болжам жасалды. №22585 мен №22576 барлау ұңғымалары бойынша мәліметтер алынды.

Д.К. Тажибаев, А.Б. Кыдрашов, А.К. Абдыгалиева, А.А. Мурзагалиева