АЛАКӨЛ ОЙПАТЫНЫҢ КӨМІРСУТЕГІ КЕН ОРЫНДАРЫН БОЛЖАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ТАУ ЖЫНЫСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЛИТОЛОГО-ПАЛЕОГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Бұл ғылыми жұмыс Алакөл ойпатының палеогеография геологиялық мәліметтерін, география және гидрогеологиялық деректерін жинақтай отырып,  олардың  мұнай-газдылық  перспективаларын  бағалауды  анықтауда  шөгінді  қабаттардың  қалыптасуын,  тау  жыныстарының  пайда  болуының физика-географиялық жағдайларын неғұрлым толық ашуға арналған. Алакөл ойпатын құрайтын шөгінділердің литолого-палеогеографиялық жағдайлары мен  қалыңдығы,  олардың  тереңде  орналасқан  геологиялық  құрылым  туралы  мәлімет  береді.  Теңіз  реставрациялауының  қолайлы  палеогеографиялық жағдайында кейбір қабаттардың пайда болу шарттары ең үлкен қызығушылық тудырады. Мәселен, жоғарғы палеозой мен мезозой шөгінділерінің шөгуінің қолайлы жағдайларын ескере отырып, олар өздерінің мұнай-газ әлеуетінің келешегіне үлкен назар аударуға лайық деп саналады. Бұл мақалада ойпаттың геологиялық құрылымына қатысатын палеозой, мезозой және кайнозой тау жыныстарының палеогеографиялық жағдайлары толықтай қарастырылады.