ҚОРҒАСЫН-МЫРЫШ КЕНІН СЕЛЕКТИВТІ ФЛОТАЦИЯЛАУДЫҢ ҚОРҒАСЫН ЦИКЛІН ӨҢДЕУ

Мақалада Шалқия кен орнының қорғасын-мырыш кенін байытудың технологиялық сұлбасындағы флотацияның қорғасын циклін егжей-тегжейлі өңдеу бойынша зерттелу нәтижелері келтірілген. Кеннің минералогиялық, заттық және фазалық құрамын зерттеу бойынша зерттеулермен кен құраушы элементтер құрамында 0,8%, мырыш 3,50% және темір 2,24% қорғасын бар екендігі анықталды. Қорғасын мен мырыш минералдары негізінен сульфид түрінде ұсынылған. Сульфидтердегі қорғасын үлесі элементтің жалпы массасынан 90,15%, ал мырыш үлесі элементтің жалпы массасынан 96,76%  құрайды.  Қорғасын  құрамының  0,8%-ға  тең  төмен  болуын  ескере  отырып,  құрамында  қорғасын  40%-дан  кем  емес  қорғасын  концентратын алу үшін тазалау операцияларының санын анықтау мақсатында қорғасын циклін өңдеу жүргізілді. Ашық циклдегі флотация бойынша зерттеулерде, кендегі қорғасынның мөлшері 0,8% болған кезде, концентраттағы қорғасынның 40%-дан кем емес болуына қол жеткізу үшін төрт тазалау жүргізу қажет екендігі анықталды. Жабық циклда флотация бойынша тәжірибемен қорғасын концентратын алу үшін Төртінші тазалаудың қажетті уақыты анықталды.