ЖОЙЫЛҒАН КӨМІР ШАҚТЫЛАРЫНЫҢ ГАЗ ЖИНАҒЫШТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ МЕН ОРНАЛАСУЫН АНЫҚТАУ

Мақалада келесі мәліметтер келтірілген: тау жыныстарының сырғуы мен көмір тақталарын газдық динамикасы тұрғысынан айқындағандағы газ жинағыштардың қуыстарын және олардың көлемдерін анықтау бойынша зерттеу әдісі жөнінде; кен­геологиялық және кентехникалық жағдайларды талдаудың негізінде құрылған, сондай­ақ, жойылған шақтыларда газбен толтырылған жарықшақтар мен қуыстардың пайда болу үлгісі жөнінде; көмір шақтыларының кен алынған кеңістігінде тау жыныстарының сырғу механизмі жөнінде. Даярланған және үсті алынған көмір тақталарының жылжу механизімін талдаудың нәтижелері келтірілген. Жойылған шақтының газ жинағыш қуыстарының көлемін есептеу моделі ұсынылды. Өндірілген көмірге қатысты қуыстықтың үлесі анықталды. Жойылған шақтының метан қалдығын пайдалануға негізделе техника­экономикалық игеруге негіз болып са-налатын нәтижелер дәлелденген және негізделген. Демек, бұл жаңа энергетикалық тасымалдаушының ірі ресурстарын аймақтың тын­энергетикалық балансына тартуға және атмосфераға метанның лақтырысын азайту арқылы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.