КАРЬЕР МЕНҮЙІНДІ БЕТКЕЙІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БЕРІКТІК КРИТЕРИЙІН САРАПТАУ

Бұл мақалада кенорындарын игеруде қолданылатын таужыныстарының геомеханикалық критерийлері қарастырылады. Әр критерийлерде таужыныстары сілемінің сипаттары мен артықшылдықтары айтылады. Бір критерийде тау-кен жыныстары сілемінің таужыныстары кесектерінің іліну мен байланысу дәрежесіне байланысты біртекті немесе біртекті емес сілемдердің сипаттамалары ескерілген. Екінші бір критерийде бастапқы модельдеу барысында әртүрлі геомеханикалық жағдайлардағы табиғи (салмағы) және техногендік сыртқы күштер (тау-кен жұмыстары кезінде) тау-кен массасына біртіндеп енетін, яғни бұзылмаған тау-кен массасының физика-механикалық қасиеттерін ескереді. Сондай-ақ, жұмсақ жабынды таужыныстары бар карьерлердің қиябетіндегі беріктік жағдайын анықтау үшін беріктіктің бірнеше критерийлері қолданылады және қарастырылады. Алынған тәжірибелік мәліметтерге сәйкес, бұл ішкі үйінділердің тұрақтылығын сандық модельдеу үшін қажет қажет болады.